Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » РУХАНИЯТ: ГАУҺАР АНА КЕСЕНЕСІ

РУХАНИЯТ: ГАУҺАР АНА КЕСЕНЕСІ

Түркістанның оңтүстік — шығыс бөлігінде Гауһар ана кесенесі орын алған.Кесене «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорығының құрамына кіреді. Гаухар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Йассaуидің қызы. Анамыз туралы жазылған аңыз — әңгімелерге сүйенсек, емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі. Қожа Ахмет Йассауи мен Гауһар ана кесенесі арасында жерасты жолы бар деген аңыздар да бар. Гауһар анамыз әкесі жерасты қылуетіне түскен кезде өмірден өтеді. Қылуеттен күн шуағына шықпау үшін Йассауи бабамыз қызының мазарына барып тұру үшін жерасты жолын салған деседі. Аңыз — әңгімелерде ГауҺар ананың баласы болмағандығы айтылады.


Гауһар ана зираты күйген кірпіштен жасалған, Рабия Сұлтан Бегім бейітіне ұқсас, бірақ кішірек. Шатыры көгілдір кірпіштен жасалған, жартысы болмаған, бейіт төртбұрышты және өте ескі еді.Кейін, 2014-2015 жылдары “Әзірет Сұлтан” мұражайы көмегімен қайтадан салынған болатын.

 © Түркістан Туризм Орталығы

Пікір жазу