Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » РУХАНИЯТ: ЕР ҚОЯН САХАБА КЕСЕНЕСІ

РУХАНИЯТ: ЕР ҚОЯН САХАБА КЕСЕНЕСІ


Түркістан қаласы, Бабайқорған ауыл әкімшілігіне қарасты, Серт ауылында орналасқан.
​​Ер Қоян сахаба қабірі Бабайқорған ауыл әкімшілігіне қарасты Серт ауылынан 8 шақырымдай солтүстік-шығыстағы Үкаша ата аңғары бойындағы төбе етегінде жатыр. Төбенің оңтүстік-шығысында 22х11 метрлік темір қоршаудың ішінде 13 метрлік тас үйіндісі бар. Осы орынды жергілікті халық «Ер Қоян ата әулие» деп атайды.Тас үйіндісі оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатыр. Ер Қоян қабірінің басындағы 1,80х0,45,0,15 метрілік қызыл таста аты жазылған.
​Ер Қоян Үкаша атаның ең сенімді серігі болыпты. Оның құрал-сайманын күтіп, баптаушы әрі әскерінің қолбасшысының бірі болыпты. Үкаша сахабына жерлеп, жаназасын шығарған десе, жау жолынан мерт болған Ер Қоянның денесін жолдасы Құттықожа сахаба Үкаша сахаба құдығының түстік жағындағы екі шақырымдай жердегі тау етегіндегі тегістікке серіктерімен қоса жерлеп, үстін таспен қалаған деседі. Бұрын зиярат етушілер Ер Қоянға түнемей, Үкашаға келмейді екен. Оның себебі Үкаша сахаба тірі кезінде оны іздеп келушілер алдымен Ер Қоянға жолығып, алдынан өтіп, соның ризалығынан соң ғана Үкаша сахабаның алдына барады деген пікір қалыптасқан.

 © Түркістан Туризм Орталығы

Пікір жазу