Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » РУХАНИЯТ: ИҚАН ҚАЛАШЫҒЫ

РУХАНИЯТ: ИҚАН ҚАЛАШЫҒЫ

Түркістан қаласы, Иқан ауылының орталығында орналасқан.
Х-ХҮ ғғ. қамтиды. Төбеге айналып кеткен Иқанның негізі қашан қаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Хафиз Тыныш өзінің «Абдулланама» атты еңбегінде Бұхар ханы Абдулла 1582 ж. Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы жорық жасаған кезде Иқанға тоқтап өткенін жазады. ХҮІІІ ғ. өмір сүрген белгілі тарихшы П.И. Рычков «Орынбор губерниясының топографиясы» деген еңбегінде Иқанда 300-ге жуық үй болғанын және оның тұрғындары егін шаруашылығымен айналысқанын келтірген.

Орта ғасырларда Иқан Түркістан өлкесінің қалалары қатарында едәуір рөл атқарған. Қазіргі сақталған төбе орынытрапециялы болып келген, биіктігі 6-7 м. Көлемі 300-225 м. Оңтүстік — Шығыс бөлігінде цитадель қалдығы, сондай-ақ, құрылымы бойынша әр түрлі ғимараттардың да сұлбасы көрінеді. Қаланың жоспарына қарағанда қақпасы солтүстік — батысына орналасқан бірнеше мұнаралы болған. Сол арқылы қаланы бақылап, қорғап отырған. Қаланың көп жері жаңа құрылыстар салғанда жойылған.

  © Түркістан Туризм Орталығы

Пікір жазу