Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 3 ЖАСАР ҚЫЗ АНАСЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

3 ЖАСАР ҚЫЗ АНАСЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері 3 жасар қызды үйіне, анасына қайтарды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

30.04.2020 жылы күндізгі уақытта Арыс ауданы Монтайтас бекетінде төтенше жағдай режимін сақтау бойынша қызмет атқарып тұрған полиция қызметкерлері жолда жылап жүрген кішкентай қызды байқайды.
Учаскелік инспектор полиция аға лейтенанты Батыржан Салыбаев балаға келіп, ата-анасының қайда екенін сұрайды. Нақты жауап ала алмаған соң, қызды өздерінің шатырларына апарып, дәрігерлерге тапсырып, өзі оның ата-анасын іздеуге шығады.

Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық көшелер мен үйлерді аралап, көршілер мен өтіп бара жатқан адамдардан баласын жоғалтқандар жоқ па екенін сұрастырды.

Осы уақытта бекетке жоғалып кеткен қызын іздеген Арыс қаласының тұрғыны, бір әйел келді.
Белгілі болғандай оның 3 жасар қызы, анасы үйде оқушы балаларымен сабақ оқып отырғанда шығып кеткен. Оның үйі бекеттен 300-400 метр қашықтықта орналасқан және кішкентай қыз жоғалғанын білген кезде, оны өздерінше іздеуге кіріскен. Анасы қызын шарқ ұрып іздеп, өзін қоярға жер таппай, жан-жақтан қарап шыққан. «Қызым құдыққа құлап кетті ме екен»-деп, ойына түрлі жаман ойлар келеді.

Учаскелік инспектор Б. Салыбаев табылған қыз баланы тірі және сау күйінде анасына тапсырды.
Өз кезегінде, әйел Арыс АПБ-нің полицейлеріне жоғалған қызын табуға көмектескені үшін шынайы алғысын білдіріп, тәртіп сақшыларына табыс тіледі.

Сонымен 15 минут ішінде Арыс АПБ-нің полиция қызметкерлері жоғалып кеткен баланы тауып, ата-анасына қайтарып берді.

Полиция қызметкері Б. Салыбаев айтып өткендей, оның тәжірибесінде бұл жалғыз оқиға емес. Ол Шымкент қ. Әл-Фараби ПБ-де учаскелік инспектор болып жұмыс істеген кезде, әріптестерімен бірге жоғалған кішкентай баланы анасына қайтаруға көмектескен. Учаскелік инспектор ата-аналардан өз балаларына мұқият болуды және үнемі бақылап отыруды сұрайды.

Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға өздерінің балаларына қырағы болу, олар аулаға немесе көшеге ойнаған кезде назардан тыс қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балалар мен туған-туыстарыңыз жоғалған жағдайда шұғыл «102» телефоны бойынша полицияға жүгіну керек.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу