Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жамбыл облысы Түркістан облысының су басқан ауылдарына гуманитарлық көмек жіберді

Жамбыл облысы Түркістан облысының су басқан ауылдарына гуманитарлық көмек жіберді

Жамбыл облысы Түркістан облысының су басқан ауылдарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды DIDARBEK.kz облыс әкімдігінің zhambyl.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының әкімдігі Түркістан облысының су басқан аймақтарына гуманитарлық көмек көрсетті. Жексенбі, 3 мамыр күні азық — түлік және алғашқы кезектегі қажеттілігі бар тауарлар тиелген жүк көліктері Түркістан облысына аттанды.

«Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 30 тонна азық — түлік өнімдері жиналды. Оның ішінде 10 тонна ұн мен күріш, 5 тонна қант, 2 тонна макарон және өсімдік майы, 1 тонна қарақұмық бар. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған отандастарымызға арналған гуманитарлық көмекке 10 мыңға жуық тауарлар, атап айтсақ аяқ — киім, футболкалар, жейделер, шалбарлар, балалар киімдері, төсек — орын жабдықтары және басқа да заттар жиналды, — деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров.

Естеріңізге сала кетейік, 2 мамыр күні Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекарасындағы орталық коллектордан су жайылып, салдарынан бірнеше елді мекен су астында қалды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу