Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Бүгінгі қоғамда індеттен қорғанатын құралдар жеткіліксіз. Бетперделер, антисептиктер — дәріханалардың өзінен табыла бермейді. Осыны ескерген Түркістан облыстық жол активтері ұлттық сапа орталығы залалсыздандырғыш құралды өз зертханадарында жасап шығарды. Сондай ақ орталық қызметкерлері өз қолдарымен бетперде тігіп, қоғамдық көлік жүргізушілеріне тарту етті, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz».

Індеттен қорғайтын негізгі құрал- антисептик. Мекеме мамандары оны орталық зертханасында өздері әзірлеп шығарды.
ДАНИЯР КАМАЛОВ — ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ: — Антисептик құралымызды әзірлеу үшін 350 мл спирт,10 мл глицерин, 5 мл аммиак ерітіндісі, және 150 мл суды араластырып,біздің антисептик дайын!
Жол құрылысы материалдарын сұрыптап, сапасын тексеретін мамандар антисептик қана емес, өз қолдарымен бетперде тікті.  Сол үшін орталық инженерлерінің бірі Үрилла Ботақараева  анасынан қалған  көне тігін машинкасын іске қосты…
Жол сапасының сақшылары мұның бәрін  жолаушылар тасымалымен айналысатын қалалық автопарк қызметкерлеріне тарту етті. Өйткені қоғамдық көлікте мұндай қорғаныш құралдарының болуы- аса маңызды.
НҰРЛАН САРЖАНОВ — ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ МЕКЕМЕСІНІҢ ӨКІЛІ: Орталық қызметкерлері жол саласы ардагерілеріне  азық-түлік жеткізіп берді. Соның бірі- Өлмесхан Қазбеков. Ұзақ жылдар осы салада істеген, «құрметті жолшы». Карантин кесірінен үйінен шыға алмай қамығып отырған қария  сәлем сауқатын ала келген әріптестеріне алғысын жаудырды.
Короновируспен күресуге бүкіл қоғам күш біріктіру керек. Ұлттық сапа орталығының қайырымды ісі соның жарқын үлгісі.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*