Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МҰЗ ЖАСТАНЫП, ОТ КЕШКЕН

МҰЗ ЖАСТАНЫП, ОТ КЕШКЕН

Төребаев Бадан – 1926 жылы дүниеге келген.
1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылды. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Беларусь майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түсті. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медальімен марапатталды.
Жорық жолы Берлинге дейін жалғасты. І-ші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен, 2 рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.
Елге 1950 жылы қараша айында оралып, еңбекке оралып, еңбекке араласты.
Кентау қаласындағы «Мырғалымсай» кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты.
Отбасында 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген, 14 немересі, 2 шөбере сүйіп, бейбіт күнде бақытты ғұмыр кешіп 94 жасты алқымдап отырған абзал ақсақал Кентау қаласына қарасты Майдантал ауылының ақылшы абыз ақсақалы. Уақыт өткен сайын аға ұрпақ сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз де өнеге!
Отансүйгіштік қасиеттеріңіз де кейінгі ұрпаққа өнеге. Бауырмалдық және ынтымақтастық қасиеттеріңіз де бүгінгі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатыр. Бұл біздің үлкен құндылығымыз тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін мемлекет жоғары бағалайды. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз.Сондықтан да сіздерге басымызды иеміз.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті.
Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды.
Қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың бойында қалыптасты. Ұрпақтар жалғастығы деген осы болар.
Өмірлеріңіз баянды, ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын қымбатты біздің ардегерлер!
Ардагерімізді ҰОС жылдары майдан даласында, Отанымызды жаудан қорғап, көрсеткен ерліктеріне алғыс айта отырып, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекесімен құттықтаймыз!
Деніңізге мықты денсаулық, отбасыңызға береке тілейміз. Ұрпақтарыңыздың рахатын көре беріңіздер!

#QAҺARMAN

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу