Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰОС АРДАГЕРІ: МЫРЗАХМЕТ ЖЫЛЫСБАЕВ

ҰОС АРДАГЕРІ: МЫРЗАХМЕТ ЖЫЛЫСБАЕВ

Мырзахмет Жылысбаев — 1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қозмолдақ елді-мекенінде дүниеге келген. 1942 жылы жеті жылдық мектепті бітірген соң егінге қарауыл, табельші, сауат ашу мектебінде оқитындарға мұғалім болып істеген.
Ұлы Отан соғысына 1944 жылы 92 автоатқыштар полкі құрамында қатысқан. Гитлерлік Германияны талқандауға қосқан үлесі және жауынгерлік қызметі үшін отанымыздың медальімен наградталған.
Соғыс аяқталған соң командирлері М. Жылысбаевтың қабілетін ескеріп, әскери жұмысқа қалуды және сол салада айрықша оқуға баруға ұсыныс жасайды. Бірақ Жылысбаев Мырзахмет сол кездегі мұғалімдерді жедел елге қайтару жөніндегі өкімет қаулысын алға тартып, елге қайтуды жөн деп табады.
Отан соғысы аяқталған соң Мырзахмет Жылысбаев Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтты бітіріп, Шолаққорған селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мұнаң соң Ғани Мұратбаев, Құрал Рүстемов, Макаренко атындағы мектептерде директор болып істеген. Ағарту саласындағы белсенді еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен және бірнеше Құрмет грамотасымен марапатталған.
Созақ ауданының Құрметті азаматы.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу