Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН

МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН

Құрметті Достар!

#МЕН_БАТЫРДЫҢ_ҰРПАҒЫМЫН

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен онлайн түрде өтетін «МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН» челленджі жарияланды.

Мақсаты – Ұлы Отан соғысында ар мен намысты ту еткен батырлар рухына тағзым ету, батырлардың ерліктерін дәріптеу.

Біздің аталарымыз бен әжелеріміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы мыңдаған тарих бар. Сондықтан, біздің байқауымыз арқылы осындай оқиғалармен бөлісуді, майдандағы және тылда жанқиярлық, батырлық туралы айтып беруді ұсынамыз.

Байқауға қатысу үшін ата-бабаларымыздың майдан шебіндегі ерліктері туралы, соғыс жылдарындағы жауынгерлердің достығы мен тылдағы еңбектері туралы жазбаны (фотосымен) немесе бейнероликті әлеуметтік (Instagram, Facebook) желіге #Mен_батырдың_ұрпағымын #Түркістаноблысы_қоғамдық_даму_басқармасы #Biz_birgemiz хештегімен жариялау керек.

Үздік жазба мен бейнероликтердің авторларын анықтап, марапаттау жүргізілетін болады.

Ең бастысы, Ұлы Жеңістің қасиеті мен қадірін бүгінгі буынның ұғынғаны маңызды. Сол үшін аталған челленджді қолдап, баршаларыңызды атсалысуға шақырамыз!

©Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы

Пікір жазу