Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ

Үшінші мегаполисте үш ауысымды мектеп болмауы тиіс. Қаладағы үш ауысымдағы мектептер мәселесі кезең — кезеңімен шешіліп жатыр. Осы мақсатта қала әкімдігі жүйелі жұмыс істеп жатыр. Оқушылары үш ауысымда білім алып жүрген Шымкенттегі Зоя Космодемьянская атындағы нөмірі 12-ші мектепте бұл мәселе биыл шешімін таппақ.

Бүгін Шымкент Қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейіне барды. Себебі, аталмыш мектеп балаларды үш ауысымда оқытатын қаладағы білім беру мекемелерінің бірі. .

Айта кетейік, 1480 орындық мектеп 1961 жылы салынған. Бүгінде мұнда 4800 бала білім алып жүр. Сол себепті қазынадан қаржы бөлініп, бүгінде білім ошағына жапсарлас 300 орындық ғимарат салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Өмірзақ» құрылыс компаниясы нысанды тамыз айында тапсырмақ. Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар мұнда екі ауысыммен оқи бастайды. Құрылыс жұмыстарының барысы қала әкімінің қадағалауында болмақ.

© Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу