Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ƏЛЕУМЕТТIК МƏСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ƏЛЕУМЕТТIК МƏСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт Шақпақ ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.
Бірінші кезекте аудан әкімі Шақпақ-баба ауылдық округін ауыз сумен қамтып отырған ауыз су жүйесінің бастауымен танысты.
Жалпы Шақпақ -баба ауылында 708 үй боласа, соның 384 үйі осы бастау жүйесі арқылы су ішіп отыр. Ал, қалған тұрғын үйлер ескі жүйе арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда ауыз су жүйесін күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 473 млн.теңгеге жобалық сметалық құжаттар дайындалып, республикалық бюджетке ұсынылған.

Сонан соң, аудан басшысы округ орталығындағы «Шақпақ» балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратымен танысты.
1904 жылы соғылған ғимарат бүгінгі таңда әбден ескірген. Ғимараттың бүгінгі жағдайын өз көзімен көрген аудан басшысы құрылыс бөлімінің басшысына ғимарат алдына жаңа спорт мектебі құрылысына қажетті құжаттарды дайындап облыстық салалық басқармаға ұсынуды тапсырды.

Келесі кезекте аудан әкімі Бреусов атындағы жалпы орта мектебі жанынан бой көтеріп жатқан 150 орындық қосымша ғимарат құрылысымен танысты.
2019 жылы бастау алған 150 орындық заманауи үлгідегі ғимарат құрылысы қарқынды жүруде.

Бұдан соң, Нұрлан Мархабатұлы округ орталығы шегіндегі жаңадан тұрғын үйлер бой көтеріп жатқан жаңа құрылыс көшесін аралап, бүгінгі жағдайымен танысты.
Аудан басшысы сонымен қатар, Шақпақ ауылдық округіне сапары барысында «КенТау» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда шаруашылық 212 гектар жерге алма егіп, жылына орта есеппен 1500 тонна өнім алуда. Шаруашылық 2 мың тонналық заманауи көкөніс сақтайтын қоймамен қамтылған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу