Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰОС АРДАГЕРІ: ШАЙХУДДИНОВ МУКАРАМ

ҰОС АРДАГЕРІ: ШАЙХУДДИНОВ МУКАРАМ

ҰОС ардагері: Шайхуддинов Мукарам

1924 жылғы ақпанның 10-ында Башқұрт КСР-і Болтачев ауданының Оразаев ауылында дүниеге келген.
Қарулы Күштер қатарына шақырылғанға дейін МТС-те тракторшы, жүргізуші болып істеді.
1942 жылғы қыркүйекте Болтачев аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 1942 жылғы қазаннан 1943 жылғы ақпанға дейін 1-ші Алкино кіші командирлер даярлау бөлімінде оқыды. Оқуын тәмәмдағаннан кейін 17-ші гвардиялық полкқа, 1944 жылы 12-ші гвардиялық атқыштар покына жіберілді. Ленинград майданында соғысты.
Ленинград, Выборг, Нарва қалаларынқорғауға және азат етуге қатысты. Курск доғасындағы шайқаста, 1943 жылғы тамыздың 8-інде аяғынан жарақаттанып, Нарва қаласының түбінде контузия алған.
Әскери қызметтен 1945 жылы босатылды.
І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және мерейтойлық сегіз медальмен марапатталған.
Әскер қатарынан босаған соң 1945 жылдан 1964 жылға дейін Солтүстік Қазақстанда түрлі қызметтер атқарып, 1970 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Ақсу ауылындағы «Шымкентауылдыққұрылыс» тресінде балташы – ағаш ұстасы болып еңбек етті.
Ақсу кентінде, С.Батыр көшесінде тұрады.
6 баласы, 15 немересі бар.

#Qaharman#ҰЛЫЖЕҢІСКЕ75ЖЫЛ

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу