Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰОС АРДАГЕРІ: АНАРТАЕВ АХМАДЖАН

ҰОС АРДАГЕРІ: АНАРТАЕВ АХМАДЖАН

ҰОС ардагері Анартаев Ахмаджан — 1926 жылғы қарашаның 10-ында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.

Әскерге шақырылғанға дейін «Жұмысшы» ұжымшарында жұмыс істеді. 1944 жылғы мамырдың 5-інде Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 64-інші атқыштар полкында қызметтен өтті.

Әскери шені: қатардағы жауынгер. Польшаны азат ету жолындағы шайқастарға, Германиядағы ұрыстарға қатысты. Жарақаттанбаған. 1949 жылғы сәуірдің 10-ында әскерден қайтты.

ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтойлық сегіз медальмен марапатталған.

Әскерден келгеннен кейін 1950 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Ә.Науаи атындағы ұжымшарда жүргізуші болып істеді. Бүгінде ардагер Қарабұлақ ауылында, Ашбұлақ көшесінде тұрады. 9 баласы, 26 немересі, 3 шөбересі бар.

Әрбір қазақстандық үшін 9-мамыр Жеңіс күні ерекше мерекелердің бірі болып табылады. Өйткені, бұл мерекеде талай жанның қаны, қаншама жанның жан жарасы жатыр. Қан майданда Отан үшін жанын оққа тосқан батырларымыздың ерлігі ешқашанда ұмытылмақ емес.

#Qaharman#ҰЛЫЖЕҢІСКЕ75ЖЫЛ

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу