Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 15 МЫҢ ТЕҢГЕНІ АЛУ ЖОЛДАРЫ…

15 МЫҢ ТЕҢГЕНІ АЛУ ЖОЛДАРЫ…

Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді. Барлық өтініштер мамыр айының соңына дейін https://t.me/SmartTurkistanBot арқылы қабылданады.

Өтініш беру үшін аудан орталығымен ауылдық округ әкімшіліктеріне барудың қажеті жоқ, барлығы үйде отырып телефон арқылы жасалынады.

Төлемді кімдер алады?

  • 1, 2, 3 топ мүгедектері;
    • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
    • көпбалалы отбасылар;
    • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
    • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
    • төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
    • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер (егер сіз жоғарыдағы аталған санаттарда болмасаңыз өтініш берудің қажеті жоқ).

Төлемді қалай алуға болады?

https://t.me/SmartTurkistanBot сілтемесін басып «SmartTurkistanBot» тобына кіріп өтініш жібересіз. (егер, телефоныңызда Telegram Messenger программасы болмаса, App Store немесе PlayМаркетке кіріп Telegram Messengerды жүктеп алсыз).

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу