Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БИЫЛ 63194 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІЛДІ

БИЫЛ 63194 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІЛДІ

Түлкібас ауданында 63194 гектар жерге егін егілді. Бұл жайында аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы М.Желдібаев аудан әкімдігінің аппарат мәжілісінде баяндады.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілістің күн тәртібінде: 1) Аудан аумағында коронавирус індетін алдын алу мен таралуына жол бермеу және қауіпсіздік шаралары туралы, 2) Көктемгі егін жұмыстарының барысы туралы, 3) Аудан бойынша азық – түлік тауарлары бағасының тұрақтылығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы, мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне енгізіген мәселелер бойынша тиісті сала басшылары кеңінен баяндама жасап, алда атқарылуы тииіс қажетті шараларға тоқталып өтті.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы – Тултаев Нурхат Васильевичтің баяндауынша, Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерінің карантинге байланысты қабылдаған соңғы №35 қаулысының атқарылуы қажетті шаралармен өткен.

Ал, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әбілханұлы Мұраттың мәліметіне сәйкес, бүгінгі күнге дейін коронавирус пандемиясының алдын алуға байланысты тұрғындардың бір ауылдан екінші ауылға ретсіз өтуіне жол бермеу мақсатында елді мекен шектерінде 17 блок-бекеттер құрылған. Бүгінгі таңда карантин режимінің женілдеуіне байланыста біршама елді мекендерде блок-бекеттері алынып, қазіргі таңда аудан орталығына кіре-беріс жол бойларында ғана 7 блок-бекеті жұмыс істеуде.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы – Желдібаев Мұстафа Битөреұлы, жыл басынан бүгінгі күнге дейін аудан аумағындағы көктемгі егіс жұмыстары туралы баяндады.
Аудан аумағында көктемгі егіс жұмыстары 63 194 гектар жерге іске асырылған. Оның ішінде: күздік бидай 10 545 га, жаздық бидай 4607 га, арпа 9227 га, мақсары 12398 га, жоңышқа 23918 га, картоп 1000 га, көкөніс 1500 га жер алқабын алып жатыр.
Бүгінгі таңда бір жерден екі өнім алу мақсатында ауданда 155 шаруа қожалық 266 гектар жерге қызанақ, қияр, жүгері, ноқат, сарымсақ, картоп көкөністерін отырғызып, мол өнім алуды көздеп отыр.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Райымбеков Мұқағали Тілеубайұлы өз кезегінде, аудан бойынша азық – түлік тауарлары бағасының тұрақтылығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы бірінші кезекте барлық жауапты мекеме басшыларына аудан аумағында белгеленген карантин режимін қатаң бақылауда ұстауды және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысына кәсіпкерлік нысандарды іске қосылуға дайын болуын қадағалау мен қатар, төтенше жағдайдың кәсіпкерлерге тигізген залалын есептеуді тапсырды. Сонымен қатар, аудан аумағында баға тұрақтылығы басты назарда болуы қажет екендігін ескеріп, ауылшарушылығы бөлімінің басшысына облыс әкімі тарапынан берілген жаңбырлатып суғару технологиясын еңгізу бойынша және басқа да бекітілген жоспарларды орындауды тапсырды. Сондай-ақ, ауылдық округ, кент әкімдеріне елді мекен аумағындағы тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын жоғарғы деңгейде атқаруды тапсырды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу