Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БАНК БАСШЫЛАРЫМЕН АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

БАНК БАСШЫЛАРЫМЕН АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Арыс қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалығымен төтенше жағдай кезінде банктердің зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер беруге дайындығын тексеру мақсатында кезекті жиын өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz».
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жиында қала көлемінде облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес төтенше жағдайдың күшейтілген түрі енгізілгендігіне байланысты банктер мен банкоматтарда азаматтардың көп шоғырланбауы, зейнетақы мен ​ әлеуметтік төлемдерін алу кезінде коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және төтенше жағдай режимін сақтау мәселелері талқыланды.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Аталған жиынға банк бөлімдерінің басшылары, мекеме басшылары қатысты.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Осы орайда, Арыс қаласының тұрғындарынан банкоматтарда жәрдемақы алуға келген азаматтарды төтенше жағдай режиміне сәйкес, ара — қашықтықты сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырамыз. Төтенше жағдай кезінде барынша карантин талаптарын орындап, яғни санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып,  үйде қалу – өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін аса маңызды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу