Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІРЛІГІМІЗДІ БАЙҚАТАЙЫҚ!

БІРЛІГІМІЗДІ БАЙҚАТАЙЫҚ!

Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға бәйдібектіктер де көмек қолын созуда, деп жазады Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Мақтарал ауданында су тасқыны орын алған күннен бастап Бәйдібек аудандық Жастар сарайында гуманитарлық көмек жинау орталығы ашылған болатын. «Біз қиын уақытта өз бірлігімізді көрсетуіміз керекпіз», — деген Бәйдібек ауданының тұрғындары осылайша мақтаралдықтармен бірге екендіктерін білдіруде. Аталған игі шараға аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы мен жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер, еріктілер және жекелеген азаматтар да атсалысып, азық – түліктер, қажетті тұрмыстық заттар әкеліп беріп жатыр.


Бүгін таңертең Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан гуманитарлық көмек ретінде 7 мың дана бетперде мен гигиеналық заттар, 4 тонна азық — түлік, 10 бас қой еті артылған автокөлік су тасқынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына жолға шықты.
Мақтаралдықтар, Бәйдібек ауданының халқы Сіздермен бірге!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу