Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰОС АРДАГЕРІ: МАХАЛ ПОЛАТБЕКОВ

ҰОС АРДАГЕРІ: МАХАЛ ПОЛАТБЕКОВ

Отан үшін от кешіп, жанын құрбан еткен отандасымыз Махал Полатбеков 1924-жылғы 24-мамырда қазіргі Ордабасы ауданының Төрткүл ауылында туылған.
1932-1942 жылдары мектепте оқыды. 1942-1945 жылдары Қызыл Армия сапында қызмет етіп, елге Ұлы Отан соғысы біткен соң оралды.

1945-1949 жылдары Тәшкент облысы, Ленин ауданында №109 мектепте әскери жетекші, директордың орынбасары, қазіргі Ордабасы ауданы, Қызылжар ауылына қоныс аударып, осындағы «Қызылжар» қалқозы басқармасы төрағасының орынбасары әрі партия ұйымының хатшысы, 1950- жылдан ірілендірілген В.И.Ленин атындағы қалқозда басқарма төрағасының орынбасары, 1951-1954 жылдары төрағасы, 1954 жылдан төрағаның орынбасары болды. 1958-1990 жылдары Төрткүл бөлімшесін, Қ.Сыпатаев атындағы мақта кеңшары құрылғанда №2 бөлімшені басқарды.
М.Полатбеков «Ленин», «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерлік еңбегі үшін», «Владимир Ильич Лениннің туылғанына 100 жыл толуы құрметіне», КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің бір алтын, екі күміс, бір қола, «Астанаға 10 жыл» және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің бірнеше мерекелік медалімен, үш мәрте «Бесжылдықтың озаты» төсбелгісімен марапатталды. Ол  «Ордабасы ауданының Құрметті азаматы».

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу