Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Н.ТҰРАШБЕКОВ АУДАННЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Н.ТҰРАШБЕКОВ АУДАННЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Ордабасы ауданының әкімі Н.Тұрашбеков ауданның тыныс — тіршілігімен танысуды бастады. Алғашқы кезекте Бадам ауыл округіндегі қазақ-түрік индустриалды аймағына ат басын бұрды. Мұнда осындағы «Казкиоти» трактор зауытының жағдайына назар аударды. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша бірқатар проблемалар бар. Зауытта газ, су мәселелелері шешілмеген. Аудан басшысы олардың мәлімдемелерін тыңдап болған соң, бір-бір жарым айдың көлемінде қандай шара қолданылатыны жөнінде айтатынын жеткізді.

Осыдан кейін Нұрбол Әбдісаттарұлы ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ең соңғы солдаттары, ардагерлер бадамдық Қалмен Мұратұлы мен төрткүлдік Махал Полатбекұлының шаңырақтарына арнайы барып, оларды Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларында амандық тіледі. Соғыс жылдары Ордабасы ауданынан  5 мыңға жуық жауынгерлер аттанып, бүгінде елге оралғандардан арамызда санаулысы ғана қалды.

Ардагерлердің үйіне ат басын бұрған аудан әкімі сый-сияпат тапсыруды да ұмыт қалдырған жоқ. Ризашылығын танытқан соғыс ардагерлері ауданның жаңа басшысына баталарын беріп, қызметінде табыс тіледі.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу