Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ҮШІН

ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ҮШІН

Астанада, Ұлттық ғарыш орталығында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен ғарыш саласының мамандарын сапа менеджменті жүйесі және ғарыштық өнім мен қызметтер нарығын талдау жөнінде қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинарлары өтуде.

Семинарлардың мақсаты – ғарыш саласының инженерлік-техникалық, ғылыми және басқа мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру арқылы ғарыш саласын кадрлармен қамтамасыз етуді дамыту.

Бұл ретте семинарлардың негізгі міндеті ғарыш саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.

Оқуға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің кәсіпорындары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Семинарлар барысында қазіргі заманғы оқу әдістемелері, сондай-ақ ақпараттық және қашықтықтан оқыту технологиялары пайдаланылуда.

Семинарлардың жұмыс бағдарламалары халықаралық стандарттар ескеріле отырып әзірленді және ғарыш саласы мамандарының біліктілік деңгейін жоғарылатуға бағытталды.

Сабақтарды ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 22000 (HACCP) және т.б. халықаралық стандарттарға сәйкес басқару жүйелері жөнінде оқыту және біліктілігін арттыру бойынша кәсіби қызметтер көрсететін «CERT  Academy Kazakhstan» халықаралық тренингтік компанияның дәріскерлері жүргізуде.

«CERT  Academy» компаниясы менеджмент жүйелері жөнінде оқу курстарын өткізуде әлемнің 25 елінде көшбасшылық орын алатынын атап өткен жөн. Компания құрылған сәттен бастап Еуропа мен ТМД елдері өнеркәсібінің әртүрлі саласындағы кәсіпорындар қызметкерлері қатарынан 15 000 астам тыңдаушылар оқытылды.

Астанадағы тілшімізден

Пікір жазу