Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

«Ордабасы» футбол клубы Мақтаарал ауданының тұрғындарына қолдау көрсетті, деп жазады «Ордабасы» футбол клубының ресми парақшасына сілетеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарттық агенттігі.

«Ордабасы» футбол клубының ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсетті. Клубтың қызметкерлері апаттан зардап шеккен тұрғындарға азық — түлік және ең қажетті заттарды жеткізіп берді.

«Ордабасы» ФК спорттық директоры Қайрат Әшірбеков:
— Басшылық, бапкерлік штаб, футболшылар және клубымыздың әкімшілігі шетте қалмай зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсетуге шешім қабылдады. Үйсіз қалған адамдарға біз ең қажетті заттарды әкеліп бердік. Өз тарапымыздан өмірлік қиын жағдайда қалған отандастарымызға қол ұшын созып, көмек беруге шақырамыз. Бұл біздің адами және азаматтық міндетіміз.

Айта кетейік, тасқын судан зардап шеккен мақтааралдықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде. Жомарт жүректі азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінен қаржылай және гуманитарлық көмек жолдап, қазірдің өзінде Атакенттегі арнайы дайындалған қоймаға 200 тоннаға жуық азық-түлік қоры жиналды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу