Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫ АРТУДА

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫ АРТУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы білім беру нысанының алғашқы кірпішін қалады, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» ақпараттық агенттігі.

Шымкенттегі №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесіне қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, ғимарат құрылысына тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр екен. Биыл пайдалануға берілуі тиіс ғимараттың қазірде іргетасы құйылған. Бүгін нысанның алғашқы кірпішін Мұрат Дүйсенбекұлы қалады.

Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Н. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектепке барды. 750 орынға арналған білім беру мекемесі 1963 жылы салынған. Қазіргі таңда бұл нысанның құрылысын «Өмірзақ» ЖШС жүргізіп жатыр. Мұнда 300 орындық қосымша ғимарат бой көтереді. Білім ордасы талапқа сай ел игілігіне 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу