Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ — БЕРЕКЕЛІ ЕЛ

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ — БЕРЕКЕЛІ ЕЛ

Арыс қаласы, Дермене ауылдық округ тұрғындары Мақтаарал ауданындағы тасқын судан жапа шеккен елді-мекен тұрғындарының жағдайын ести сала еріктілер, кәсіпкерлер мен ауыл халқы бірлесе отырып, көмек қолын созуға асықты.

Ауыл халқы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірауыздан Мақтаарал халқына азық-түлік пен киім-кешек, гигиеналық заттар, көрпе-төсек және күнделікті тұтынатын қажетті заттар алып, тарқатты. Ауыл әкімі өз атынан 500 нан жіберді. Ел басына күн туған заманда жетімі мен жесірін жылатпаған нағыз қазақ халқына тән ел бірлігінің бекем екендігін тағы да бір дәлелдеді.


Оның ішінде Дермене елді мекені 520 мың теңге, Қаражантақ 260 000 теңге, Қызыл көпір 150 000 теңге, Саналы 550 000 теңге, Теміржолшы 127 000 теңге, Орманды 71 000 теңге, жалпы сомасы 1 млн 678 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Осындай игі істі ұйымдастыруға мұрындық болған ауыл әкімі Кадиев Жұманалы ағамыз бен ауыл тұрғындары Дермене елді мекенінен Смайлов Даулет, Зейдунов Ерлан, Абдразахов Ерлан, Абдиев Нургали, Тоқболаев Шохан, Қолдасов Әсіл, Құрманхожаев Алдияр
Саналы елді мекенінен Нуралиев Бердалы, Усенова Манзура, Дарманбекова Эльвира, Нуралиев Жандос, Мұханов Арзыбек, Абдуллаев Алибек, Есмаханов Серікбол, Амреев Мейрамбек, Қаражантақ елді мекенінен Шохбутов Оразалы, Басқарова Бибажар, Аубакиров Күмісбек, Қалыбеков Мақсат, Тойлыбаев Бағдат, Қызыл көпір елді мекенінен Құлжабай Сырым, Кадиев Сердалы, Ешимов Баубек, Теміржолшы елді мекенінен Жунисова Кулаш, Тоқбаева Қалдықыз, Калабекова Айжан, Орманды елді мекенінен Жұманова Палжаухар, Айдарханова Шолпан, Құрайшов Салман, Құрманбаева Сауле сияқты белсенді азаматтар.

©Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу