Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 5 БӨЛМЕЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

5 БӨЛМЕЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны төрт баланың әкесі Бақытжан Ынтыбаевқа ауданның жомарт жандарының бірі «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-нің төрағасы Ерболат Мырзабеков өз қаржысы есебінен сатып алынған 5 бөлмелі тұрғын үйді тарту етті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, қоныстой иесі Бақытжан Ынтыбаевқа шаңырақтың шаттығын тілеп, естелік сыйлық тарту етсе, Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша Бәйдібек ауданындағы 197-ші баспана құтты болсын деп, салтанатты түрде тұрғын үйдің кілтін тапсырды.


Қуанышында шек болмаған Бақытжанның жары Гүлнұр Досжанова осындай мейірімді жандарға алғысымыз шексіз деген тілегін жеткізсе, балдары өз бөлмелерінің болатынына қуанып жатты.
Сонымен қатар жеке кәсіпкер Ерболат Мырзабеков Бақытжан Ынтыбаевты өзінің жеке шаруашылығына маусымдық жұмысқа қабылдап, қазіргі таңда трактор айдаушы болып жұмыс жасауда.


Жабырқағанның жүзіндегі мұңды сейілтуді азаматтық парызым деп санайтын кәсіпкер Ерболат Мырзабеков бұған дейін де ауданымыздағы мұқтаж жандарға көмек қолын созып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, түрлі қайырымдылық істер жасап, ел алғысына бөленіп отырған азамат.
Жомарт жан Ерболат Мырзабековке Рамазан айындағы сауапты ісіне мың алғыс!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу