Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ ПЕН КОМСОМОЛ КАНАЛЫН АРАЛАДЫ

ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ ПЕН КОМСОМОЛ КАНАЛЫН АРАЛАДЫ

Өткен жылы «Ауданды дамыту» жобасы бойынша орталық саябаққа аббаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Жүргізілген абаттандыру жұмыстарының нәтижесінде орталық саябақтың келбеті өзгеріп, кіре берісіне қақпа орнатып, ісшара өтетін арнайы сахна мен алаң жасалып, түрлі балалар ойнайтын алаңшалар, субұрғақ, автотұрақ салынып, ауыл тұрғындары демалатын орындықтар қойылған болатын.


Бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков осы абаттандыру жұмыстары жүргізілген орталық саябақты аралады. Аралау барысында құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер мекемелердің басшыларымен кездесу өткізді. Жоспарға сәйкес орталық саябақтағы абаттандыру бойынша істелінген бірқатар жоспарлы жұмыстардағы кемшіліктерді тиісті мердігер мекемелерге мерзім белгілеп беріп, ретке келтіруді тапсырды.


Сонымен қатар аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан Комсомол каналын көрді. Аталған каналды жоспарлы түрде ертерек тазалап, егістікке және аудан орталығына ағын су әкелуді тиісті бөлім мен мекемелерге тапсырды.

© Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу