Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қадірменді Отан қорғаушылар!

Сіздерді ерлік пен қайсарлықтың мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ел Тәуелсіздігінің тарихымен тамырлас Қазақстан Қарулы Күштері мемлекет тұрақтылығын басты назарға алып, халық тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, қоғам құндылықтарын құрметтеуде өзіне тиесілі міндетті адал атқарып келеді.
Тәуелсіз елімізге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Халқымыз ежелден-ақ «Ер — ел қорғаны, батыр — халық қалқаны» деп елге сүйеніш, жұртқа пана болған ерлерді ерекше ардақ тұтқан. Конституциямызбен бекітілген абыройлы міндетті орындау үшін әскери сарбаздар еліміздің шекарасын күзетіп, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қорғауға лайықты үлесін қосуда.
7 Мамыр – тәуелсіз еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденіп, қайсар, ержүрек батырлардың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні.
Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері әлемдік стандарттарға сай, ең мықты және заманауи үлгідегі әскери техникамен қаруланған. Осындай жетістікке жету әрине, Елбасы –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы, Жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сарабдал саясаты мен жемісті еңбегінің нәтижесі.

Құрметті Отан қорғаушылар!
Біздің ең басты құндылығымыз – Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан! Ал, Отанды қорғау қашанда қасиетті де қастерлі парыз. Сіздерді тағы да Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Құрметпен, Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек

Пікір жазу