Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖҮЗДЕН АСТАМ ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

ЖҮЗДЕН АСТАМ ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облыстық Полиция Департаменті басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов Полиция департаментінің мәжіліс залында өткен салтанатты шарада  арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп, күндіз-түні еңбек етсе де шаршамайтын ПД-нің полицейлері мен Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жеңіске жетуге ат салысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар ПД-де ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, өмірден озған Ұлы отан соғысы ардагерлерінің рухына бас иіп, тағзым етті.

Қос мерекеге орай өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін полиция майоры Есенғали Бейсебаев «Кезектен тыс полиция подполковнигі» шенін алса, «Бір саты жоғары полиция подполковнигі арнаулы атағын» полиция майоры Серік Естаев иеленді.

Сондай-ақ, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция майоры Ақжигит Табылдиев марапатталды.

Аталған мамыр айындағы ел қорғандарына тиесілі екі бірдей мерекеде «ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен» полиция полковниктері Алтынбек Амирбеков, Салтанат Қаракөзова марапатталды.

II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісі полиция капитандары Азат Мұсырманқұловқа және Алмас Турымбековке тағылды.

Ал, ІІМ Грамотасымен полиция капитаны Жаннұр Ғашахова, Казым Рашидов марапатталды.

Бұдан бөлек, Департамент бастығының бұйрығымен 34 грамота, 34 алғыс хат, 43 алғыс жарияланды. 8 қызметкердің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды.

Айтулы іс-шара соңында еңбегі еленіп, марапатқа ие болған тәртіп сақшылары өздерінің шынайы алғыстарын жеткізіп, бұл марапаттар — алдағы жұмыстарына жаңа серпін беретінін айтып өтті.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу