Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰОС АРДАГЕРІ: ҒАНИ САРАМСАКОВ

ҰОС АРДАГЕРІ: ҒАНИ САРАМСАКОВ

ҒАНИ САРАМСАКОВ

Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылының тумасы, соғыс ардагері Сарамсаков Ғани «Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына» орай ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғыс хаттарымен марапатталды.
Сарамсаков Ғани – 1922 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келген. Майданға 1941 жылдың 17-ші қарашасында аттанып, ІІІ – Украина майданында 519-шы атқыштар полкінде қызмет еткен. Румыня, Венгрия, Югославия елдерін азат етуге қатысып, ІІ-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орден, медальдарымен марапатталған. Жеңістен кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына белсене араласты. Сталинград, Горкий қалаларында жұмыс істеді. 1961 жылы елге оралып, 1982 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін колхозда шопыр болып еңбек етті. Бүгінде 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп, немере-шөбере сүйіп отырған ардақты ардагер.

#ҰлыОтансоғысына75жыл

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу