Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰОС АРДАГЕРІ: ТӘЖІ НҰРХОЖАЕВ

ҰОС АРДАГЕРІ: ТӘЖІ НҰРХОЖАЕВ

Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық. Ата – бабаларымыздың сара жолын жалғастырып, бүгінгі күні өскелең ұрпаққа үлгі – өнеге көрсетіп, өмірден білген – түйгендерін жастарға үйретіп отырған осы ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Шынымен де, «қарт адам – қазына» деген сөздер мен толықтай келісемін, себебі қария, ақсақалдар – үйдің берекесі, ақылын айтар дана кісілер. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі, үйдің ажарын кіргізіп отыратын да осы кісілер. Жасы үлкенге құрмет көрсету – біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге әкелген, тіршілігіңе нәр берген ата – ананың алдында адамның қарызы, міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата – ананың орны ерекше биік қадір – қасиетке ие. Қарттық адамды айналып өтпейді, дүние кезек, сен ата – анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады. Ата — анаға не істесең, алдыңнан сол қайтады деген аталы сөз осыдан қалса керек.
Сондай-ақ, ауданымызда, облысымызда, республикамызда қарттар үшін көптеген игі бастамалар мен қамқорлықтар тұрақты түрде жасалып келеді. Оның ішінде сандары күн санап азайып келе жатқан қарттарымыз Ұлы Отан соғысының ардагерлері десек болады. Сондай ардақты ардагерлеріміздің бірі, менің атам Тәжі Нұрхожаев 1924 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қарабұлақ елді мекенінде туған.
Атам әскер қатарына 1942 жылы шақырылған. ¥лы Отан соғысы жыладарында Белоруссия майданы, 130-шы полк, 1943 жылы 120-сыншы полк кұрамында ұрыстарға қатысқан. Неміс-фашист басқыншыларымен болған соғыста 1944 жылы ауыр жараланып, 1945 жылы туған елге оралған.
Сержант Тәжі Нұрхожаев «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған. Соғыстан кейінгі жылдары Қарабұлақ колхозында, Калинин атындағы кеңшарда еңбек етіп, 1984 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Созақ ауданының Құрметті азаматы.

 

© Шолпан ЕСТАЕВА,
Созақ аудандық мемлекеттік архивінің архивисті

Пікір жазу