Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ФИРДАУСИ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АҒАЙЫН БОЛЫП КЕТТІК

ФИРДАУСИ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АҒАЙЫН БОЛЫП КЕТТІК

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы №42 М.Тоқжігітов мектебі эвакуациялық пункттің бірі  болып бектілген, оған жауапты Келес ауданының әкімдігі.  Жалпы аталған эвакуациялық пунктте 120 Фирдауси ауылының тұрғындары жайғасқан. Тұрғындар 3 мезгіл ыстық тамақпен, қажетті киім-кешекпен толық қамтылған.

Эвакуациялық пунктте жауапты болып, Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округінің бас маман іс басқарушысы Сәбит Ботбаев тағайындалған. Келестік мемлекеттік қызметкер: «Қазір Фирдаусидың тұрғындарымен ағайын, жақын болып кеттік. Мұндағы халықтың дені тәжік ұлтының азаматтары болса да қазаққа жандары жақын екен. Дегенмен бәріміз мұсылманбыз ғой, көмектесу борышымыз. Ал, осы мектеп орналасқан Есентаев ауылының тұрғындарына болса, күнде зардап шеккен тұрғындардың жағдайынан хабар алып, кем-кетігін түгендеп кетеді. Одан бөлек, бүгін Құрал және Марат есімді азаматтар келіп, фирдаусилық азаматтардың шашын қысқартып, сақал-мұртын ретке келтіріп кетті. Одан қалса 2 жуынатын душ орнатты», – дейді. Ел басына күн туғанда елдігімізді көрсеткен жерлестерімізге мың алғыс.

© Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу