Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 300-ДЕН АСТАМ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

300-ДЕН АСТАМ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдай Министрінің бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев және Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Мақтааралдағы су тасқынының салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz порталы.

Брифингке қатысқан Өзбекстан Республикасының ТЖМ бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев техногендік апат аймағында жергілікті әкімшілік пен ТЖД қызметкерлері жүйелі жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.
«Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша Мақтаарал ауданына келдік. Су басқан аймаққа 300-ден астам қызметкер, 186 техникамыз жұмылдырылған. Оның ішінде құтқаруға арналған, инженерлік, су тасу, жүк көліктері бар. Жергілікті әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынаста тәулік бойы осымен 3 күн жұмыс істеудеміз. Қазіргі міндетіміз – коллекторларды тазарту, су тасыған жерлерді қалпына келтіру. 50-ден астам су тарту насосы күндіз-түні жұмыс істеп тұрғандықтан, кеше 34 мың куб су сыртқа шығарылды. Нәтижесінде Фирдоуси ауылында су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Біз аймақтағы төтенше жағдай аяқталғанша осында боламыз», – деді Абдулла Хамидоллаұлы.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу