Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Таным » ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС!

ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС!

Естемесов Қаражан, ҰОС ардагері

ЕСТЕМЕСОВ Қаражан 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы 14 маусым күні армияға алынды.

Алғашқы кезде 61-полкта жаяу әскер қатарында болды. Соғыс кезінде Киев, Житомир, Полтава, Белоцерковь тағы басқа қалалардағы шайқастарға қатысты.

Соғыс аяқталып, елге оралған соң мақта алабына жұмысқа шықты. Өзі де таң атқаннан қас қарайғанға дейін тынбай еңбек етіп, көпшіліктің құрметіне бөленді.Кейінірек денсаулығына байланысты жұмысын ауыстырып, Қайнарбұлақ сельпосында бухгалтерияда жұмыс атқарды.

Соңынан Шымкент қаласындағы 6-шы және 4-ші автобазада жұмыс істеп зейнеткерлікке шықты.

Ол ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және басқа көптеген мерекелік медальдармен марапатталды.

Өмірлік қосағымен екі бала, бір қыз өсіріп, олардан өнген 24 немере, 10 шөбере, 4 шөпшегінің қызығын көруде.

Ұлы Отан соғысы зұлматты жылдары асқан табандылық, жанкештi ерлiк пен еңбек үлгiсi бола бiлген ардагерлерге құрмет көрсету — азаматтық парыз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу