Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТАУ БАУРАЙЫНДА БАС ҚОСТЫ

ТАУ БАУРАЙЫНДА БАС ҚОСТЫ

Бәйдібек ауданы, Алмалы ауыл округі, «Болашақ» лагеріне облысымыздағы түрлі ұлт өкілдері жастарының қатысуымен, айтыскер ақындарды, қолөнер шеберлері мен талантты жастарды қолдауға және оларды ынталандыруға бағытталған «Оңтүстік өнерлі өрендері» атты облыстық жастар лагері ұйымдастырылды.

Лагерь бағдарламасының аясында 15 аудан-қалалардан келген өнерлі жастар қолөнер және сурет салу, айтыскер ақындар мен жазба ақындар және дәстүрлі ән бағыттары бойынша топтық семинарларға қатысып, сала бойынша арнайы келген тәжірибелі мамандармен пікір алмасып, танымал қонақтармен кездесіп қайтты.

Лагердің мақсаты – жас ақындар мен қолөнер шеберлеріне, жас суретшілер мен өнерлі жастарға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық деңгейін жоғарлату және өнерлі жастардың арасында достық қарым-қатынас қалыптастыру.

Басқосу аясында аудан, қалалардан келген 200-ден аса өнерлі жастар қолөнер, сурет салу бағыты бойынша, айтыскер ақындар мен жазба ақындар бағыты бойынша және дәстүрлі ән, эстрадалық ән салу бағыттары бойынша топтық семинарларға қатысып, сала бойынша арнайы келген тәжірибелі мамандармен пікір алмасты.

Жиын барысында қатысушы өнерлі жастар өзара сайысқа түсіп, қолөнершілер мен суретшілердің көрмесін ұйымдастырып, дарынды жастардың кешін ұсынды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу