Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕМДІК СУ МАҚТААРАЛҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

ЕМДІК СУ МАҚТААРАЛҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы техногендік апат қазақ елінің бірлігінің, жанашырлығының, қиын қыстау сәтте бір болып, жәрдем қолын созатындығын тағы бір рет көрсетті. Әр қазақ жалғызым деген азаматтар қолдан келген көмегін қиын кезде қиналмасын деп мақтааралдықтарға көмектесуде.
«Тіршілік көзі – су» Мақтаарал ауданындағы құрылған эвакуациялық пункттерде ауыз су тапшылығы туындамауы үшін, Атакент елді мекенінде орналасқан орталық азық-түлік қоймасына өңірімізге белгілі кәсіпкер Руслан Абдухманов «АRYS» маркалы минералдарға бай суының 250 блогын жеткізіп берді. Атымтай жомарт азаматымызға айтар алғысымыз шексіз.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр. Сонымен қатар, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апаттан зардап шеккен аймаққа арнайы келіп, Арыстың тәжірибесіне сәйкес Мақтаарал ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

© Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу