Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Ардақты ардагерлер, құрметті ордабасылықтар!

Сіздерді 9 – мамыр ЕЛДІК пен ЕРЛІКТІҢ мерекесі – Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тарихтан беттерінен белгілі болғандай Ұлы Отан соғысы елімізге, дүние жүзі халқына ұмытылмас қасірет алып келді.

Ордабасы өлкесінің өзінен майданға төрт мыңнан астам сарбаз аттанса, елге соның тек екі мыңдайы ғана оралды. Сол зұлмат жылдары «Жаным арымның садағасы» деген ардақтыларымыз, Кеңес Одағының батырлары: жерлестеріміз Қарсыбай Сыпатаев, Берген Исаханов, Бейсен Оңтаев, Сыдық Смайлов сынды аталарымызды бүкіл қазақстандықтар мақтан тұтады. Ержүректік пен қайсарлық әке ұлағатымен, ана сүтімен берілетін қасиеті арқылы бұл сарбаздар қан майданда өздерінің ұлы ұлттың ұрпағы екенін дәлелдеп кетті.
Жеңісті жақындатуға ат салысқан әр азаматқа айтар алғысым шексіз. Еңбекке жарамды жас баладан еңкейген қарияға дейін аянбай еңбек етіп, тер төкті. «Бәрі де Отан үшін, бәрі де майдан үшін!» деп ұрандатты.
Батырлық пен антына адалдықтың өшпес үлгісі – ардагерлерімізді құрмет тұту – біз үшін қасиетті парыз.
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ізгі ниетпен
Ордабасы аудан әкімі
Н.Тұрашбеков

Пікір жазу