Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 107 ОТБАСЫ ПӘТЕР КІЛТІН АЛДЫ

107 ОТБАСЫ ПӘТЕР КІЛТІН АЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 107 отбасы пәтер кілтін алды. Олар көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топта кезекте тұрған отбасылар.


Қазір елдегі төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынғандықтан, пәтер кілті мен қала əкімінің құттықтау хаттары Қазпошта мекемесі арқылы мекенжайларына жеткізілді. Мереке қарсаңындағы тосынсыйға пәтер кілтіне ие болған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Пәтер иелерін тағы да шын жүректен құттықтаймыз! Үйлеріңізде береке мен бірлік болсын!

Жыл басынан бері көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топта кезекте тұрған отбасыларға  692 пәтер пайдалануға берілді. Оның 458-не жаңа иелері қоныстанған.

2020 жыл 8 мамырдағы мәліметке сәйкес, қаладағы тұрғын үй алу кезегіне 39604 азамат тіркелген. Оның ішінде:
— жетім және ата  -анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1643;
— көпбалалы отбасылар – 5236;
— халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 12847;
— мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 19852 азамат;
— тұрғын үйі апатты деп танылғандар – 26.

© Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық

 

Пікір жазу