Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛҒАН КҮН

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛҒАН КҮН

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аудандағы 2 ҰОС ардагерлерін Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен құттықтап, арнайы естелік медалді табыс етті.

Аудан әкімі алдымен Папков Петр Кузьмичтің отбасында болып, майдангер қартқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Папков Петр Кузьмич 1925 жылы 20 маусымында Татарстан Республикасы «Максимовка» селосында дүниеге келген.
1942 жылы әскерге алынып, 73 гвардиялық армияға түсіп, 105-полк құрамында қызмет еткен. Киев, Бухарест, Венгрия қалаларын азат ету шайқастарына қатысқан, құрылыс баталионында жүргізуші, құрылысшы болып жұмыс жасаған майдангер. Әскерден 1950 жылы қайтқан. Зейнеткерлікке шыққанға дейін жүргізуші болып қызмет істеген. Отбасында 4 қызы, 5 немере, 9 шөбересі бар. Марапаттары: ҰОС ардагері, Құрмет белгісі ордені, Еңбек ардагері.

Бұдан кейін аудан әкімі Ұлы Отан соғыс ардагері Мамадалиев Нәлібай қарияның үйінде болып, қарт майдангердің сұрапыл соғыста елді азат ету жолындағы күресі үшін алғысын білдіріп, тиісті сый-сияпаттарын табыс етті. Өз кезегінде ҰОС ардагері шынайы ризашылығын білдіріп ақ батасын берді. Қосымша айта кететін болсақ, аудан әкімі екі қарияғада 1 000 000 теңгенің сертификатын табыс етті.

Мамадалиев Нәлібай 1924 жылы 3 қаңтарында Қызыл-орда облысы, Жаңақорған ауданы «Жалқия» совхозында дүниеге келген.
1928-1939 ж.ж Тәжікстан, Өзбекстан Республикаларында түрлі жұмыстар істеген. 1941 жылы әскерге алынып Ленинград майданында №57 дивизия құрамында қызмет еткен. 1945 жылы Ұлы Жеңісті Нарва қаласында қарсы алған. 1947 жылы елге оралып сауда саласында қоймашы, кейін ОРС мекемесінің бастығы болып, зейнеткерлікке шыққанша қызмет істеген.

Ардагер 6 ұл, 4 қыздан 34 немере, 10 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отыр.
«Құрмет белгісі» ордені, «Еңбек ардагері», ҚР 10 жылдығына байланысты медалі, «Қызыл-жұлдыз» ордендерімен марапатталған.

© Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу