Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БИІКТІГІ 3 МЕТР ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ

БИІКТІГІ 3 МЕТР ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Төлеби ауданына барды. Облыс басшысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы орай Төлеби ауданының орталығында орнатылатын ескерткіш жобасымен таныстырды.

Биіктігі 3 метр мыстан құйылған ескерткіш демеушілер тарапынан жүзеге асуда. Ұлы ойшылдың мүсіні жаңадан бой көтеретін Абай аллеясында орнатылады. Сондай — ақ, ауданда демеушілер есебінен, халқы­­­мыздың қасиетті сөзін ел бірлігі мен жер тұтас­тығына арнаған тарихи тұлға Төле бидің 15 метрге жететін еңселі ескерткіші бой көтереді. Баба мүсіні Төлеби ауданының ең көрікті жерлерінің біріне айналмақ.

Өмірзақ Естайұлы Көксәйек елді мекеніндегі жеке шаруа қожалығымен танысты. Наурыз айында іске қосылған шаруа қожалығы 4 га жерге қызанақ, қияр, сәбіз, құлпынай, болгар бұрышы сынды көкөністерді егеді. Биыл ауданда егілетін егіс көлемі 65684 га жетті. Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша 105 жоба іске асып, жаңа жұмыс орындары ашылған.

Биыл минералды тыңайтқыштар алу заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты агроқұрылымдарға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде шаруашылықтар сатып алған тыңайтқыштары бойынша www.qoldau.kz арқылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өтінім тастап, 50 пайыз субсидиялауға қол жеткізіп отыр.

Сондай-ақ, тамшылатып суғару технологиясы мен қарқынды жеміс-жидектің көлемі 35 гектарға, суармалы жердің көлемі 80 га артып, ауылшаруашылық техникалары 4 бірлікке жаңаланған.

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу