Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІС ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІС ӨТТІ

Түркістанда облыс басшысы Ө.Шөкееввтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Апталықта Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысы жайлы айтылды. Жаңадан іргесі қаланған ықшам ауданда тәулік бойы құрылыс жұмыстары жүруде. Құрылыс алаңына 600-ге жуық жұмысшы тартылған. Жартысынан астамы Жетісай мен Мақтаарал ауданының тұрғындары.

Ауданда су алған үйлердің, мал басы мен егістік алқаптарының құжаттары жинақталып, сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары арнайы құрылған комиссия анықтайды.

Ауданға Нұр — Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарынан көмек келуде. Бүгінге облыстық штаб қоймасына 408 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналған. Оның ішінде азық-түлік, жеке бас гигиенасына арналған заттар және киім-кешектер де бар. Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан қысқа толқынды пеш, үтік, теледидар, тоңазытқыш, кір жууы машиналарына тапсырыстар көптеп түсуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу