Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК ТҮСУІ ЖАЛҒАСУДА

МАҚТААРАЛҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК ТҮСУІ ЖАЛҒАСУДА

Бүгінде «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаражат жинау ісін жүзеге асыруда. Ол үшін арнайы есеп — шот ашылып, барлық БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде бүгінгі таңда қорға 117 млн. теңгеден астам қаражат түскен. Бұл қаржылар Мақтаарал ауданындағы тұрғын үй салу, егін мен мал шығындарын өтеу бағытындағы жұмыстарға бағытталады.

Айта кетейік, қор өз жұмысын өткен жылғы Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша жүзеге асыруда. Сол кезде қор арқылы қалпына келтіру құрылыс жұмыстарына және Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына бағытталған қыруар қаражат жиналған болатын.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Мақтааралдағы тасқын судан зардап шеккен азаматарға көмек ретінде облысымыздың аудандарынан бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар облыстарынан түрлі қоғамдық ұйымдар мен қайырымдылық қорларынан және жекелеген кәсіпкерлерден гуманитарлық көмектер жеткізілуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*