Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САРЫАҒАШТА ЖОҒАЛҒАН 4 ЖАСАР ҚЫЗ ТАБЫЛДЫ

САРЫАҒАШТА ЖОҒАЛҒАН 4 ЖАСАР ҚЫЗ ТАБЫЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері жоғалған 4 жасар қызды тауып, анасына қайтарды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

10.05.2020 жылы таңғы сағат 10:00 шамасында Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғындардан кішкентай қыздың көше бойында жылап тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Тез арада полицейлер айтқан мекен-жайға келіп, бір топ адамдар арасында адасып кетіп, жылап тұрған кішкентай қызды байқайды. Содан қыз балаға келіп, ата-анасының қайда екенін сұрайды. Нақты жауап ала алмаған соң, қызды алып, оның ата-анасын іздеуге шығады. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық көшелер мен үйлерді аралап, көршілер мен өтіп бара жатқан адамдардан баласын жоғалтқандар жоқ па екенін сұрастырды. Осылайша, арадан 2 сағатқа жуық уақыт өткенде, жоғалған бүлдіршіннің үйін, анасын тауып, кішкентай қызды аман-сау күйінде отбасына қайтарды.
Белгілі болғандай 4 жасар қыз есік алдында ойнап жүріп, ауладан шығып кеткен. Үйінен 500-600 метр қашықтыққа дейін алыстап кеткен. Ал, үйіндегілер полицейлерге хабар берместеен, өздерінше іздеп жүрген көрінеді. Өз кезегінде, қыздың анасы Сарыағаш АПБ-нің полицейлеріне жоғалған қызын табуға көмектескені үшін шынайы алғысын білдіріп, тәртіп сақшыларының жұмысына табыс тіледі.
Сонымен 2 сағат ішінде аудандық полиция қызметкерлері жоғалып кеткен қызды тауып, ата-анасына қайтарып берді. Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға өздерінің балаларына қырағы болуды, олар аулаға немесе көшеге ойынға шыққан кезде назардан тыс қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балалар мен туған-туыстарыңыз жоғалған жағдайда шұғыл «102» телефоны бойынша полицияның көмегіне жүгіну керек.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу