Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

Түркістан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен Түркістан облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылу күні кейінге шегерілді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), ашылғаннан кейін де қызметтерді жаңа форматта көрсете бастайды. ХҚКО электрондық қызметтерді көрсетпейді, тек қана дәстүрлі қызметтер (қағаз жүзіндегі қызметтер /яғни/ жеке куәліктермен төлқұжаттарды ауыстыру, беру, жер учаскелерін рәсімдеу және жылжымайтын мүліктерді тіркеу салалары, зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін тағайындау т.б) көрсетілетін болады. Демек ХҚКО-ға кезектің уақытын алдын ала брондау арқылы қызметтеріңізді ала аласыздар, ол үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалып белгілуге болады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық бетперделердің болуы міндетті.
Жақындарыңыз бен өз денсаулығынызға сақ болыңыздар!!!

Айта кетейін, Түркістан қаласы 160 квартал, 236 құрылыс мекен — жайында заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге ашылған ХҚО өз жұмысын жалғастыруда.

Қосымша ақпараттарды алдын ала хабарлайтын боламыз!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу