Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » БАТЫР ӘУЕСХАН ӘЛІМСАҚОВ

БАТЫР ӘУЕСХАН ӘЛІМСАҚОВ

На изображении может находиться: 1 человек

Әлімсақов Әуесхан Әлімсақұлы 1907 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бұрынғы Қаратас ауданының (қазіргі Қазығұрт ауданының) Қақпақ ауылында дүниеге келген.

Арнаулы педучилищені бітіргеннен соң, 1930 жылы жоғары Шыршық Бостандық ауданында және Қаратас ауданының (қазіргі Қазығұрт ауданының) елді мекендерінде мұғалімдік қызметін атқарған.

На изображении может находиться: 1 человек, шляпа

1941 жылы Отан қорғау үшін Кеңестер Одағының жаяу әскер құрамы қатарына алынып, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында неміс-фашистеріне қарсы майдандардағы қанды шайқастарқа қатысып, ерлік көрсеткен.

1945 жылы Германияның Берлин қаласын жаулап алғаннан кейін, Ұлы Жеңісті Германияда тойлап, 1945 жылдың тамыз айының ішінде жеңіспен елге оралған.

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, люди стоят и на улице

Ия, Берлинге дейін жаяу соғысып, одан аман-есен жеңіспен өз ауылына оралған Әуесхан ата — елге деген ыстық ықыласын зейнеткерлік жасына жеткенше ұстаздық жолмен жалғастырған.

Ауылдың еңсе жастағы ел ағалары Әуесхан атаны Қақпақтағы білім ордасын бітірушілердің ең алғашқы ұстазы ретінде бағалап, тани біледі.

На изображении может находиться: 5 человек

Себебі, ол кісі – бүкіл саналы өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз және батыр мұғалім ретінде мәңгі есте сақталады.

Оның ұстаздық жолын бүгінде балалары, немерелері мен шөберлері жаластырып келеді.

Бүгінгі жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Қызылтаң» жалпы орта мектебінде «Өнегелі ұстаз-батыр Әлімсақов Әуесхан» атындағы сынып бөлмесі ашылып, мектептің мұражайында Әуесхан атаның өмірлік еңбек жолдары туралы тарихи деректер жинақталған.

На изображении может находиться: 2 человека

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған «Данқ Мемориалы» кешеніндегі ардақты соғыс ардагерлерінің естелік тақтасындағы тізімге енгізілген.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу