Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МАҚТААРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

МАҚТААРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен елдімекендерге қайырымдылық көмек жалғасуда.

Осы орайда Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және қалалық «Зекет» қоры бастаған бір топ еріктілер Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жүк көлігі арқылы гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Шымкент орталық мешітінде қайырымдылық заттарын жинау, қабылдау орталығын құрылған еді. Осы орталыққа Шымкент қаласындағы барлық мешіт имамдары мен мешіт жамағаттарымен бірлесіп ең қажетті гигиеналық, киім — кешек, көрпе — төсек, азық — түлік заттары мен қаржылай көмек жиналды.

Мақтааралдықтардың бүгінгі жай күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бей — жәй қалдырмады.

Бұған дейін бірнеше рет жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім — кешек пен гигиеналық, және т.б., тұрмысқа қажетті заттар жөнелтті.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдары тарапынан су тасқыны орын алған ауданда авариялық — құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы техникалар мен қосалқы күш жіберілген болатын.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу