Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН ЕРІКТІЛЕР

ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН ЕРІКТІЛЕР

2020 жылы 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба су қоймасындағы дамбаның бір бөлігін су шайып кетуінің салдарынан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы шекара маңына жақын бірнеше ауыл су астында қалып, өңірде төтенше жағдай жарияланды.
Алғашқы күндері 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланса, нақты 5 елді мекен (Жаңа Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары) толығымен су астында қалған болатын.


Техногендік апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек беру, қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі жүзеге асыру мен волонтерлықтың жоғарғы үлгілік мәдениеттін сақтай отырып, көмекке мұқтаждардың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 2020 жылы 2 мамырда төтенше жағдайға байланысты Жамбыл ауылдық округі, №36 жалпы орта мектеп базасында Түркістан облысы әкімдігі мен «Нұр отан» партиясының қолдауымен жастар мен еріктілердің бастамасы негізінде «Біргеміз, Мақтаарал!» волонтерлар штабы құрылды.


Еліміздің барлық аймағынан еріктілер мен жастардың бастамаларымен ұйымдастырылған гуманитарлық көмек керуендері Мақтаарал ауданына толассыз келіп жатыр. Осы гуманитарлық көмекті реттеп, ауыл ішінде үлестіру мақсатында штабта қазіргі таңда 100-ге жуық еріктілер жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, төтенше жағдайға душар болған тұрғындарға ел тізгінін ұстап жүрген атқа мінер азаматтар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, спорт майталмандары халыққа басу айтып, көңіл сұрап, өз көмектерін тигізуде.

Еріктілер штабына Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы директоры Амалбек Өміртай жетекшілік етуде.

Сонымен қатар, Мақтарал ауданы жастар ресурстық орталығы басшысы Кенжебаев Сүндет, «Ізгілікке жарысайық» қайырымдылық қорының мүшесі Ахмет Таубай, су басқан «Жеңіс» ауылының тұрғыны, мұғалім Ықылас Қази және ініміз Олжас Мамыр мен ұлым Азат Дидарбек, белсенді қарындасымыз Айгерім Айтаханова штаб коммиссия құрамында елге қызмет етіп келеді.


Ел басына күн туғанда, жерлестеріміздің қиын-қыстау кезеңінде жанынан табылып, көңілін тауып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп жүрген жастарға Алла қуат берсін!

© Азат Дидарбек

Пікір жазу