Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

Елбасы, партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтаарал ауданына арнайы келіп, апат ауқымын өз көзімен көріп шықты.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Сапар барысында ол көршілес Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы салдарынан су астында қалған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс және Өргебас ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Мұнда төтенше жағдайдың кесірінен мыңнан астам үй бұзылып, 8 мың гектар егіс алқабын су басқан.

«Апат айтып келмейді» дейді халқымыз. Мақтарал жұртының басына түскен қиындық елге ортақ. Ең бастысы, бас аман болсын. Қазір мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар толықтай қайта жөндеуден өткен немесе жаңа салынған үйлермен қамтамасыз етіледі. Су басқан аймақтағы әрбір адам республика бюджетінен 100 мың теңгеден ақша алады. Әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілер мен жолдарды қалпына келтіруге 14 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді. Мемлекет басшысының үндеуіне қолдау білдірген қазақстандық кәсіпкерлер де 5 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. Бұл ортақ іске «Nur Otan» партиясы да қызу атсалысуда. Нұротандықтар Мақтааралдағы халыққа гуманитарлық көмек жіберді» — деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, Елбасының бастамасы бойынша Тұңғыш Президент Қоры мен «Nur Otan» партиясы құрған «Birgemiz» қоры да қосымша көмек көрсетеді.

«Қордың Қамқоршылық кеңесі Мырзакент елді мекеніне 20 үй тұрғызу үшін 340 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша Достық ауылы тұрғындарының баспана мәселесі толықтай шешілетін болады. Облыс әкімі Ө.Шөкеевпен бірге бөлінген жерді қарап, тұрғындармен және құрылысшылармен кездестім. Бұл жерде саман үйлердің орнына газоблоктан 100 шаршы метрді құрайтын 4 бөлмелі үйлер салынады. Жұмыс сапасы авторлық және техникалық бақылау саласындағы мамандардың қатысуымен, ерекше партиялық бақылауда болады», — деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

 © DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*