Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЕРКІН СӨЙЛЕУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЕРКІН СӨЙЛЕУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ

Қазіргі таңда жастардың, соның ішінде түрлі этнос жастарының мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығы қуантады. Жастар әрқашан бос уақыттарын тиімді өткізеді. Соның бір дәлелі мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, өнерлі қыз — Вероника.

Мирзаханова Вероника — 2003 жылдың 21 қаңтарында Кентау қаласында дүниеге келген.          М. Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы. Сабақ үлгерімі озат, тәртібі жақсы. Ұлты орыс болса да, мемлекеттік тілде еркін сөйлейді.

Вероника кішкене кезінен би үйірмесіне қатысып, бүгінде «Рапсодия» би тобында өнер көрсетеді. Әр түрлі этнос өкілдерінің ұлттық билерін мың бұрала билегенді ұнатады.
Сонымен қатар ол оқушылар арасында өткен «Тарихқа толы мәдени өлке — Оңтүстік» атты облыстық өнер фестивалінің лауреаты және түрлі өнер конкурстарының жеңімпазы.
Би өнерімен қатар, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты сүйетін бойжеткен жыл сайын мектепаралық баскетбол турнирлеріне командасымен қатысып, бірінші орындарды қанжығалауда.

Вероника болашақта стюардесса болып жұмыс жасағанды қалайды. Оның мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі, өнермен дос болуы, қоғамдық іс-шараларға араласуына бірден-бір себеп анасы Алла Алдабергенқызы Мирзаханованың арқасы. Алла — интернационалды отбасында дүниеге келді. Анасының ұлты орыс, әкесі — өзбек. Алла мектепте орыс тілінде білім алып, жоғары оқу орнын қазақ тілінде алып шықты. Алла да мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназиясында мектеп директорының бейінді-оқыту ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлеу-әрбір азаматтың борышы, дейді анасы мен қызы.

© НАТАЛЬЯ ПОПОВА,
КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ СЛАВЯН
ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Пікір жазу