Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖАСТАР ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА БАРДЫ

МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖАСТАР ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА БАРДЫ

2020 жылғы 13 мамыр күні 19:30 сағат шамасында Өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті.


Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінде 2 үй, 1 емхана, 1 дәріхана, 2 қоражайдың аулаларына су кіргені, Жігерген ауыл округі бойынша 30 үйдің ауласына су кіргені, 4 қора құлағаны, С.Рақымов ауыл округі Қызылата елді мекенінде 4 үй, 1 мешіттің ауласына су кіргені анықталды.


С.Рақымов ауыл округіндегі Көкібел су қоймасының (151,0 мың текше метр) толуына байланысты Көкібел елді мекеніндегі 27 отбасының 133 адамы Көкібел мектебіне эвакуацияланып, азық-түлікпен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді.


Аталған оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің 30 қызметкері, аудан, ауыл әкімдігінің 15 қызметкері 6 техника және 5 мотопомпамен үй аулаларынан су шығару жұмыстарын жүргізуде.
Орын алған жағдайлар бойынша зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жағдай толық бақылауға алынып, келтірілген залал шығындары есептелуде.

Мақтааралда жүрген жастар бұл хабарды естіген бойда жедел алғашқы көмекті жеткізу мақсатында жолға шықты. Тұрақты жағдайды көрген жастар аудан халқы мен басшылармен жолығып, сұраныс бойынша алдағы күнде қажетті заттар жеткізілетінін айтты.

Пікір жазу