Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СУ ДЕҢГЕЙІ 7 САНТИМЕТРГЕ ТӨМЕНДЕДІ

СУ ДЕҢГЕЙІ 7 САНТИМЕТРГЕ ТӨМЕНДЕДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында соңғы тәулікте су деугейі орта есеппен 7 сантиметрге төмендеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданындағы су басқан Жеңіс, Нұрлыжол, Жаңатұрмыс, Фирдауси, Өргебас және Достық елді мекендері аумағынан бүгінде 8767м3 су шығарылды. Үздіксіз су тартып шығару нәтижесінде елдімекендердегі автожолдар судан тазарды.
Су деңгейі бойынша Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарында 6 см төмендеп 44 сантиметрді құраса, Фирдауси және Достық ауылдарында су 9 см кеміп, 35 см деңгейінде. Ал Өргебас ауылында –«Казсушар» мәліметіне сәйкес, судың қайтуына байланысты деңгейін қадағалау тоқтатылған.
Сонымен қатар, су басқан аймақтағы 3 мыңнан аса үйлерден заттар шығарылып, иелеріне тапсырылды. Сондай-ақ, судан 924 мал өлекселері шығарылды.
Жалпы су басқан ауылдарда авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 1626 адам, 17 дана жүзу құрылғысы, 324 бірлік техника, 217 дана су сорғылар жұмылдырылып отыр.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу