Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » 371 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

371 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында  осы жылдың 6 айында  371,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 250,4 млрд. теңгені құрап отыр. Ал, аса маңызды өнімдердің ішінде мақта талшығы – 3,6 есеге (29,9 мың тонна), тауарлық бетон – 44,1% (555 мың тонна), құрылыс кірпіштері – 5,4% (74,6 мың м3), портландцемент – 22,2% (1276,6 мың тонна) артқан.

Сондай-ақ, өңірде осы алты ай ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 139,1 млрд. теңгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға артық. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 21,8 млрд. теңге болса, мал шаруашылығы 117,2 млрд. теңге болып отыр.

Жалпы осы жылдың 6 айында облыстың барлық шаруашылық санаттарында 130,2 мың тонна ет, 379 мың тонна сүт, 162,8 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Ал, аймақтағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны 1087,8 мың басты, қой 4579,7 мың басты, жылқы 306,4 мың басты, түйе 27,6 мың басты, құс саны 2346 мың басты құрады.

Cонымен қатар, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің саны  178,7 мың бірлікті құраса, бұларға жұмыспен қамтылғандар саны 331,5 мың адамды құрады. Ал осы жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы 158,3 млрд. теңге болып отыр.

Өз тілшімізден

Пікір жазу